БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ “АҚЫЛДЫ БЕСІК” ЖАСАДЫ » Борасинская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
«Борас орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72236) 9-06-67
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9-19-21
Версия
для слабовидящих
» » » БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ “АҚЫЛДЫ БЕСІК” ЖАСАДЫ
22
февраль
2024

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ “АҚЫЛДЫ БЕСІК” ЖАСАДЫ

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ “АҚЫЛДЫ БЕСІК” ЖАСАДЫ

Бесқарағай ауданы Борас орта мектебінің 11-сынып оқушысы Козлов Кирилл “Ақылды бесік” жасады. Кирилл өз жұмысында баланы күтуге арналған қымбат құрылғылардың орнына қарапайым заттарды пайдаланған. Ата-аналардың тікелей араласуынсыз бесікті басқаруға болады. Бесікті автоматтандыру арқылы оқушы барлық пайдаланушы үшін барынша жайлылық, қауіпсіздік және ресурстарды үнемдегісі келді.

Кирилл автоматты “Ақылды бесік” құрудың негізгі идеяларын қарастырып, бесік моделін ұсынып отыр. Қарапайым бесіктің мүмкіндіктерін автоматтандыру тәсілдері арқылы сынап көрді. Ата-аналарға уақыт үнемдеуді арттыруға мүмкіндік беретін модельдің жұмыс істеу алгоритмдерін әзірлеп зерттеді.

“Ақылды балалар бесігі” ата-аналарға Android қосымшасы арқылы кішкентайларды бақылауға мүмкіндік береді. Ол бірнеше қызметті атқара алады: бесіктің тербелуі, баланы тыныштандыратын әуен, температура мен ылғалдылықты өлшеу және т. б.

Болашақта автор бесік қауіпсіздігін жақсартуды жоспарлап отыр. Белгілі бір пайдалану уақытынан кейін автоматты түрде өшіру немесе кездейсоқ жабылып қалудың алдын алу сияқты қауіпсіздік мүмкіндіктерін де қоспақ.